Құжат 7 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады
Елімізде мемлекеттік орман аумағындағы ағаштарды кесуге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ашық НҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында туристік орындардың тізімін толықтыру жоспарланып отырғаны жазылған.
«Ағаштардың қурау және құрып кету қатерiн болдырмау мақсатында 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстанның мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар ағаштарды басты қажеттілік үшін кесуге тыйым салынсын», - делінген Ашық НҚА портылында жарияланған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрық-жобасында.
Құжат 7 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қойып, ресми жарияланған алғашқы күні күшіне енеді.