$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент әкімінің орынбасары 2 айға қамауға алынды

Ол жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған болатын

Шымкент әкімінің орынбасары 2 айға қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Отырар порталына сілтеме жасап.

«21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдады. Бұған дейін хабарлағандай, М.Исахов жемқорлық фактісі бойынша ұсталды», - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Еске салсақ, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Исахов әкімнің орынбасары қызметінде 2020 жылдың ақпан айынан бастап істеген.

Серіктес жаңалықтары