Індетті жұқтырғандардың жалпы саны 52 адамға жетті
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 наурыздағы 22.00 сағаттағы жағдай туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы үш адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, жалпы 52 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталғанын хабарлаған едік. Кейінірек әкімдік бұл ошақтарының мекенжайын жариялады.