Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы қатты ыстық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Кей өңірде тұрақсыз күн райы сақталады

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Тек республикамыздың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК болжамында.

Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарагаңды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық болады.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.