Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы заңсыз жұмыс істеген

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«18 маусымда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңды рұқсатсыз Өзбекстанның 43 азаматына жұмыс берген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады», - делінген полиция ақпаратында.

Шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБТтК 519-бабы бойынша хаттама толтырылды», - делінген ІІМ ақпаратында.