20.07.2023, 08:21
Жаңалықтар
Антикор Жетісу облыстық ТЖД бастығының ұсталғанын растады
Бауыржан Ізбасаров аталған қызметке 2022 жылдың тамызында тағайындалған болатын
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облыстық ТЖД басшысы Бауыржан Ізбасаровтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Иә, оның жемқорлық дерегіне күдіктелгенін растаймыз. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады», - деді ведомство өкілдері.
Айта кетсек, Бауыржан Ізбасаров 2022 жылдың тамызында Жетісу облысының ТЖД басқарды. Бұған дейін ол Қызылорда облыстық ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Антикор ұсталған тұлғаға қатысты қандай бұлтартпау шарасы белгіленгенін нақтылаған жоқ.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 16:41
Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті