Оқиға салдарынан сондай-ақ 15 адам жарақат алған
Перу орталығындағы Анкаш аймағында, Карлос-Фермин-Фицкарралд провинциясында автобус 100 метрлік құздан құлап, кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті El Comercio басылымының жазуынша, қайғылы оқиға салдарынан сондай-ақ 15 адам жарақат алған.
«Қайғылы жол апаты провинциядан 500 метр қашықта болды. Автобус Яуйя аймағынан Лимаға бағыт алып бара жатқан. Қазіргі уақытта 12 адам қаза тауып, 15-тен астам адам жарақат алды», - деді Ойола.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция мен медициналық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Провинция басшысының айтуынша, зардап шеккендер медициналық орталықтарға жеткізілді.