Павлодар облысында төрт күн бойы жанған өрт сөндірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Баянауал ұлттық паркіндегі өрт 14 шілдеде тұтанған болатын

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында Баянауал ұлттық паркінде төрт күнге созылған өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агентті Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысының төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Баянауыл ауданындағы өртті 17 шілдеде сағат 19:50-де сөндірді. 

«Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 27 адам, 7 бірлік техника қатысты.  Сондай-ақ, өрт сөндіруге ЖЗҚ-дан 55 адам және 11 бірлік техника және жергілікті атқарушы органдардан 8 адам және 4 бірлік техника көмектесті», – дейді департаментте. 

ТЖД өкілдері хабарлағандай, 14 шілдеде сағат 12:45-те Баянауыл ауданындағы Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта өрт шыққан. Болжам бойынша 800 гектар жерде құрғақ шөп жанып кетті. 

Айта кетейік, тілсіз жау Қызылтау ауылынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына өтіп кеткен еді. Сондай-ақ, өрт Долинское орманшылығындағы 20 гектар жерге көшіп және 115, 117, 118 кварталдарын қамтыды.