Әлемде ядролық соғыс қаупі күшейді – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары

Автор: Azattyq Rýhy

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Идзуми Накамицу мемлекеттер арасында ядролық соғыстың басталу қаупі артқанын айтты, деп жазады lenta.ru

etcetera.media

Идзуми Накамицудің айтуынша, бүгінгі таңда әлемде тәртіпсіздік өршіп тұр және жалпы әлем бойынша, әсіресе ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында сенім дефициті байқалады.

«Жағдай қауіпті. Қауіптің артуына ірі державалар арасында диалогтың болмауы да әсер етіп отыр. Мемлекеттер дипломатия мен келіссөздерге қарағанда әскери мүмкіндіктерді артық көреді», дейді Накамицу.

Сонымен қатар ол қарулануды бақылау режимінің әлсіреп, геосаяси жағдайдың күрделене түскенін атап өтті. Оның айтуынша, ядролық соғыс қаупін  ғылым мен жаңа технологияларың даму жылдамдығы да арттыра түседі.