Саммит аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапарымен барады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.