Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленіс 1991 жылдан бастап жалғасып келеді
Армения президентінің экс-кеңесшісі Геворг Меликян Орталық Азиядағы ынтымақтастық және қауіпсіздік форумы барысында Таулы Қарабақтағы жағдай туралы айтты, хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен Қазақстанда 2021 жылы болдым. Қазір Қазақстанда көптеген бастама жүзеге асырылып жатқанын көруге болады. Қазақстан өзін өңірдің көшбасшысы ретінде көрсетіп отыр. Бұл - Еуразияның жүрегінде орналасқан мемлекет. Жаңа идеяларды, стандартты емес проблемаларды шешуге мүмкіндік беріп жатыр», - деді Меликян.
Ол атағандай, ғылым мен техника, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесін белгілі деңгейде айтылмай жатыр.
«Қауіпсіздік мәселесі өзекті бола түсуде. Оңтүстік Кавказ өңірі әлі де шынайы бейбітшілік пен тұрақтылықты іздеуде. Себебі көптеген сын-қатер біздің өңірдегі тұрақтылыққа кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан біздің өңірдегі қауіпсіздік туралы айтқанда Украинадағы соғысты айтамыз. Соғысты Ресей бастады. Ал Таулы Қарабақтағы соғысты Әзірбайжан тарапы бастады. Оның салдары ондаған адамның қайтыс болуына әкелді. Бұл жанжал 1991 жылдан бастап жалғасып жатыр. Оның өзіндік ынтымақтастық жолдарын табудың орнына әлі де жанжал жағдайында тұрмыз. Болагақта басқа да тұрақсыздық болуы мүмкін», - деді ол.
Айта кетейік, Геворг Меликян 2018-2022 жылдары Армения презилентінің кеңесшісі қызметін атқарған.