$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысындағы өртке найзағай себеп болды – ТЖД

Өртті сөндіруге 52 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды

Ақмола облысындағы өртке найзағай себеп болды – ТЖД

13 шілде күні Ақмола облысы Бектау ауылының маңында құрғақ шөптің жанып, өрт 15 гектар жерді шарпыды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде бірден 3 өрт ошағын тапты. Дабыл бойынша өртті сөндіруге Шортанды ауданының барлық азаматтық қорғау гарнизоны, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары ат салысты.

«Өрттің жалпы ауданы 15 га құрады. Өртті сөндіру бойынша жедел іс-қимылдардың арқасында өрттің үлкен аумақтарға таралуына және елдімекендерге қауіп-қатердің туындауына жол берілмеді. Жану 00 сағат 55 минутта жойылды. Өртті сөндіру қатты екпінді желмен 20-25 м/с дейін қиындады. Өрттің себебі табиғи фактор, яғни найзағай болып табылады. Өртті сөндіруге 52 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары