Өртті сөндіруге су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды
Бурабайдағы Көкше тауында орман өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 шілдеде сағат 16:12-де болған. Өрт шамамен 0,14 гектар аумақты шарпыды.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 120-дан астам адам мен техника жұмылдырылған. Сонымен қатар су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.
Нәтижесінде, сағат 18.25-те өрт оқшауланды.
Оқиға орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды.