Сальвадор Далидің картинасы 32 секундта ұрланды

Автор: Azattyq Rýhy

Сан-Францискода галереядан Сальвадор Далидің 20 мың доллар тұратын картинасы ұрланды

abcnews.com

Сан-Францискодағы Dennis Rae Fine Art көркемөнер галереясынан Сальвадор Далидің «Отқа оранған жираф» картинасы ұрланды. Ұрлықшы бұл әрекетіне небәрі 32 секунд уақытын кетірген, деп жазады ABC News.

Телеарнаның хабарлауынша, галереяда испан сюрреалистерінің көрмесі өтіп жатқан. «Отқа оранған жираф» картинасы басты экспонаттардың бірі ретінде қойылған. Телеарна жариялаған бақылау камерасының бейнежазбасында ер адамның галереяға кіріп, 32 секундтан кейін картинамен ғимараттан қайта шығып бара жатқаны байқалады.