ЮНИСЕФ: Әлемде 50 миллион балада артық салмақ бар
Әлемде 5 жасқа дейінгі әр үшінші бала тойып тамақ ішпейді
Әлемде алты ай мен екі жас аралығындағы әр үш баланың екеуі өсу мен даму үшін қажетті нәрлі тағамдарды тұтынбайды, деп жазылған БҰҰ Балалалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңа баяндамасында.
«Соңғы онжылдықтағы технологиялық, мәдени және әлеуметтік прогреске қарамастан, біз балалардың өмір сүру сапасының әлі де нашар екенін естен шығарып алдық. Миллиондаған баланың тамақтану рационы жақсартуды талап етеді, бірақ олардың басқа таңдауы жоқ», дейді ЮНИСЕФ басшысы Генриетта Фор.
Баяндамада көрсетілген мәліметтерге сенсек, дұрыс тамақтанбау салдарынан әлемде 150 миллион баланың дамуында кешеуіл бар, ал 50 миллион бала артық салмаққа шалдыққан. Олардың 40 миллионы балансталмаған тамақтану кесірінен артық салмақ жинаған.
«Сарапшылар баланың тамақтану проблемасы алғашқы айларда басталатынын айтады. Олардың айтуынша, бүгінгі таңда жаңа туған балалардың тек 42%-ы ана сүтімен қоректенеді. Ал кішкентай баланы басқа тамаққа үйрету басталғанда көбі көкеністер мен жемістер бермейді. Алты жастан екі жасқа дейінгі балалардың 60%-ға жуығы жұмыртқа, су тағамдары, балық пен ет жемейді», деп жазылған баяндамада.
Сондай-ақ баяндамада мектеп жасындағы балалардың жартылай фабрикат пен фастфудты көп жейтіндері атап өтілген. Соның кесірінен бүгінгі таңда 5 пен 19 жас аралығындағы әр бесінші балада артық салмақ бар.
«Бұл проблемаларды шешу үшін ЮНИСЕФ балаларға арналған тамақ өнімдерінің маркетингі мен жарнамасын заңдық бақылауға алуды ұсынған.