Ошақтардың қай жерде екені бүгін жарияланады
Алматыда коронавирус жұқпасы шыққан 11 ошақ анықталды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровқа сілтеме жасап хабарлады.
«Қаланың барлық ауданында 11 ошақ анықталды. Олардың барлығы бақылауға алынып жатыр. Сондықтан, халықтың көшіп-қонуын, қозғалысын тоқтату маңызды. Басқаша вируспен күресу қиын болады. Ертең ошақтардың қай жерде екенін толық айтамыз», - деді кеше тілшілерге Ержан Бабақұмаров.
Айта кетейік, Е.Бабақұмаров қалада бірнеше тұрғын үй кешені карантинге жабылғанын мәлімдеген еді.