Қостанай облысында полицейлер есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктіден «PvP» есірткісінің 96 байламы тәркіленді

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

«Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан.

«Күдіктіден «PvP» есірткісінің 96 байламы тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген ақпаратта.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған.