Маңғыстауда кен орнында бір айдан бері жанып жатқан өрт қалай сөндірілмек

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар өртті сөндіру күтпеген салдары болуы мүмкін екенін айтады

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Мұрат Мұхановтың айтуынша өрт сөндіру кезінде ұңғымадан шығатын газдың жарылу қаупі туындауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мangystaumedia.kz жазуынша, өңірдің бас құтқарушысы қазіргі уақытта апатты жою үшін алаң дайындалғанын атап өтті.

Осы аптада диаметрі 100-150 метрге көлденең бұрғылау жұмыстары басталады. Бұл учаске шамамен бір мың метр тереңдікте бұрғыланады, бұл апаттық ұңғыманың тереңдігімен бірдей.

Бұрғылау аяқталғаннан кейін ауыр бетон ерітіндісі жаңа ұңғымаға құйылады, осылайша газ-су фонтаны жабылады.

«Алаң 100% дайын. Бүгінгі таңда бұрғылау қондырғысы да 100% жиналды. Апатты жою жоспарына сәйкес, осы аптада шамамен 15-20 күнге созылатын бұрғылау жұмыстары басталады. Осыдан кейін газ фонтанын жабатын ауыр бетон ерітіндісін жіберу туралы шешім қабылданды», - деді облыс ТЖД бастығы Мұрат Мұханов.

Тақырыпқа орай: Маңғыстауда кен орнындағы өрт үш аптадан бері сөнбей жатыр

Еске сала кетейік, кен орнындағы өрт 9 маусымда бұрғылау құралын көтеру кезінде ашық газ фонтанына өткен газ-су қоспасы шыққан кезде басталған болатын.