Алған білімімді өмірлік тәжірибеде қолданамын – ауыл тұрғыны
Ол курстардан кейін ақша үнемдей бастағанын айтты
Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – іс жүргізуші Дана Шоманова «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқандағы әсері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы 3 күндік оқыту курсына қатыстым. Семинарларда айтылған дүниелер көңілімнен шықты. Сабақ барысында көптеген бағыт қамтылды. Форматы ұнады. Ауылдық жерде қарызсыз өмір сүріп, қаржыны үнемдеудің тетіктері мен жолдары айтылды»,- деді Шоманова.
Оның айтуынша, оқытудан алған азық өмірде керек болады.
«Оқыту курстарында айтылған ұсыныс пен тәжірибені өмірде қолданамын. Аталған курстардан кейін отбасылық бюджетті үнемдей бастадым. Мен көпбалалы анамын, 3 балам мектепке барса, кенжесі 1-ден асты. Өзім әкімдікте жұмыс істеймін, жолдасым әскери адам. Сондықтан осындай оқыту курстары ауылдық жерлерде аса қажет деп ойлаймын»,- деді Шоманова.
«Қарызсыз қоғам» жобасы қазақстандықтардың қаржылық мәдениеті мен кредиттік тәртібін арттыру үшін пәрменді құрал ретінде енгізілді.
«Қаржылық сауат бойынша тегін курстар «AMANAT» партиясының аудандық филиалдарында өтіп жатыр. Тренинг нәтижесінде қатысушылар отбасы бюджетін қалыптастыру жолдарын, оны жоспарлау мен бөлудің негізгі алгоритмдерін, несие алу ережелері мен қайтару процесін, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеу жолдарын, бизнес жобаларды қаржыландыру көздерін үйренді.