$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырғандар ұсталды

Заң бұзушылар қызметі үшін қомақты қаражат алған

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырғандар ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырған Қырғыз және Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбыл аудандық прокуратурасының нұсқауымен ауданның полиция бөлімі жеделіздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұсталды.

«Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасының 20 жастағы азаматы мен Қырғыз Республикасының 26 жастағы азаматы үшінші тұлғалармен мәмілеге келе отырып, еңбек мигранттарын заңсыз өткізумен айналысқан», - дейді аудандық прокуратура.

Заң бұзушылар қызметі үшін қомақты қаражат алған

«Мәселен, ресми өткізу пункттерін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге көмектескені үшін олар Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтарынан 300-500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Алайда шетел азаматтарына өз елінен кетуге тыйым салынған, өйткені олардың дерегрі борышкерлер тізіміне енгізілген», - дейді ведомство.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» және 392-бабының 1-бөлігі «ҚР мемлекет шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жамбыл аудандық сотының 26 шілдедегі үкімімен Қырғыз Республикасының азаматы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, Қазақстан Республикасының аумағына 5 жыл мерзімге дейін кіруіне шектеу қойылды», - деді аудандық прокуратура.

Ал Жасөркен ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары