Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады
12 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, дегенмен кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 12 шілдеде антициклонның кетуімен республиканың басым бөлігінде күн ашық болатынын мәлім етті. Алайда республиканың батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Жалпы республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп болжанды.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің ірі қалаларында: Астана, Алматы және Шымкентте күн өте ыстық болады.
Астанада – оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде +20+22°C, күндіз +37+39°C;
Алматыда – желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +33+35°С;
Шымкентте – шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +37+39°С.