Қостанай облысында жүзге жуық елді мекенді су басу қаупі бар

Автор: Azattyq Rýhy

Төтенше жағдайлар департаменті өзен-көлдерде мұз жару жұмыстарын жүргізе бастады

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында тоқсан тоғыз елдімекенді су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті өзен-көлдерде мұз жару жұмыстарын жүргізе бастады. Ал мердігер ұйымдар Қостанай көшелерінен қар шығаруды  жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қала билігі хабарлағандай, Қостанайдағы қырықтан астам көшенің қалың қары сыртқа шығарылған.

«Су тасқыны қаупі бар деген 99 елдімекеннің тізімі бар. Қазіргі уақытта Қарасу ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын. Бүкіл жұмыстар, арнайы техникалар бөлініп жолдар, елдімекендер тазартылып жатыр. Барлығы бақылауда», - деді Қостанай облыстық ТЖ департаменті бастығының орынбасары.