ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Автожолда қар көшкінінің алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Өскемен-Алтай тасжолы уақытша жабылады. Бұл автожолда қар көшкінінің алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«19 наурыз күні 11.00-ден бастап Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 58 және 66 шақырым аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады. Аумақта қар көшкінінің алдын алу іс-шаралары жүргізіледі», – деп мәлімдеді «Қазақавтожол» ЖШС-ның облыстық филиалы.    

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына су басу қаупі туралы ескертіліп жатқанын хабарлаған едік.