Кремль Ресейдегі көтерілістен кейін Путин мен Пригожиннің кездескенін растады – БАҚ
Алайда бүгінде Евгений Пригожиннің қайда екені туралы ақпарат жоқ
Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожинмен, сондай-ақ тағы 30-дан астам жалдамалы командирлермен кездесті. Кремльде айтылғандай, кездесу 29 маусымда, көтерілістен бес күн өткен соң болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Алайда кездесу туралы мәліметтер аз. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесуге Росгвардия басшысы Виктор Золотов пен Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин де қатысты.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, вагнер әскерлеріне «жұмысқа орналасу нұсқалары» ұсынылған.
«Путин командирлердің түсініктемелерін тыңдап, оларға жұмысқа орналасу және одан әрі жауынгерлік қолдану нұсқаларын ұсынды. Командирлердің өздері көрген оқиғаның өз нұсқасын баяндады. Олар Мемлекет басшысының және Жоғарғы Бас қолбасшының сенімді жақтаушылары мен сарбаздары екендіктерін атап өтті, сонымен қатар Отан үшін күресті жалғастыруға дайын екендіктерін айтты», - деді Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Сонымен қатар, 29 маусымда Кремльде «Евгений Пригожиннің қайда екені туралы ақпарат жоқ» деп ресми түрде мәлімдеді.
Көтерілістен кейін «Вагнердің» негізін қалаушы Беларуссияға — жалдамалылардың бір бөлігімен бірге барады деп болжанған. Басқаларына Қорғаныс министрлігімен келісімшарттарға қол қою, яғни ресми түрде Ресей Қарулы күштеріне қызметке кіру ұсынылды.