Аталған аймақта инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары жүргізілуде
Елордада LRT желісі құрылысының жүргізілуіне байланысты сол жағалауда көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда, Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары жүргізілуде.
«Осыған байланысты, 2023 жылғы 10 шілдеден 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданында «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.