10.07.2023, 17:30
Жаңалықтар
Еліміздің кей аумағында 43 градусқа дейін ыстық болады – Қазгидромет
Ел территориясы арқылы Батыс циклоны өтеді
Алдағы күндері үш күнде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы орнайды. Бұл туралы Қазгидрометтің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді, онымен батыста, содан кейін еліміздің солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.
«Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Циклон кезеңінде солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде оңтүстік-шығыста күндіз 43 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
Бүгін, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)