09.07.2023, 15:52
Жаңалықтар
Ақтөбеде катамаранмен серуендеуге шыққан төрт адам құтқарылды
Зардап шеккендер жоқ
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбелік құтқарушылар төрт адамды судан құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тропикана» жағажай демалыс базасы ауданы, Елек өзенінде су көлігі катамаранды ағыс алып бара жатқаны туралы 112 құтқару қызметіне көмек керек екені бойынша хабарлама түсті. Катамаранда үш адам болған.
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім және 20 жастағы азамат құтқарылып, катамаран ағыстан жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Әрі қарай құтқарушылар катамарандағы адамдарды құтқарып қайтып келе жатқан кезде, арғы беттен бергі бетке бір адамның жүзіп келе жатқанын байқап қалып, 25 жастағы ер адамды құтқарып қалады.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды