Барселонада мыңдаған адам екі күн бойы наразылық шеруін өткізіп жатыр
Каталония қалаларында мыңдаған адам наразылық танытып, екінші күн қатарынан қоғамдық тәртіп полициясымен қақтығысқа түсті. Ал Барселонада шерушілер саны сегіз мыңнан асты. Наразылыққа шыққандар өрт қойып, үкімет мекемелерін басып алуға тырысқан, деп жазады ВВС.
Шерушілер дүйсенбі күні тоғыз каталон сеператисіне шыққан үкімді өзгертуді талап етіп отыр.
Каталонияның өңірлік үкіметі шерушілердің ашуына өкініш білдіретінін, Испания билігі ұйымдастырушыларды анықтайтынын айтты.
Барселонада қоғамдық тәртіп полициясы шерушілер ресми мекемелерді басып алуға тырысқанын хабарлады. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, тоғыз адам медициналық қызметке жүгініп, бірнеше адам қамауға алынған.
Наразылық шерулері Каталонияға тәуелсіздік талап етіп жүрген тоғыз белсендінің тоғыз жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы себеп болды. Олар 2017 жылы заңсыз референдум өткізді деп айыпталған.
«Каталония тұрғындары өздерінің мыңдаған жылдар бойы Испанияның кедей аймақтарына көп ақша жіберіп, «асырауға мәжбүр» болғанына наразы. Сол себепті олар тәуелсіздік алғысы келеді. Испанияның ең бай аудандарының бірінде өз тілі, өз парламенті, өз туы мен әнұраны бар 7,5 миллион адам тұрады», деп жазады басылым.
Айта кету керек, қыркүйекте Барселонада Каталонияның Испаниядан бөлініп кетуін қолдайтын 600 000 мың адам бейбіт митинг өткізген еді.