$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Тек батыс өңірлерде ыстық ауа райы сақталады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Синоптиктер 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Еліміздің басым бөлігіндегі ауа райын әлі де циклонға байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтындықтан, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта бұршақ жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК болжамында.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, найзағайдың екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз өте ыстық +27+29°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С болады.

Серіктес жаңалықтары