Елордағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары партияға жүгінген
Астана қаласы мәслихатының депутаты Сәуле Самидинқызы тұрғындардың шағымына назар аударып, мәселесін шешіп берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұқар жырау люкс» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан «AMANAT» партиясына кәріз жүйесіндегі ақаулар туралы шағым түсірген. Анықталғандай, кәріз суы тұрғындардың құбырына қайта құйылған. Тұрғындар қала билігіне бірнеше рет жүгінген. Олар сондай-ақ электр қуатының бұзылуына алаңдаушылық білдірді.
«AMANAT» партиясының мүшесі, Астана қаласы мәслихатының депутаты Сәуле Самидин тұрғындармен, құрылыс салушылармен және әкімдік басқармаларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу нәтижесінде барлық шағым хаттамаға алынып, шешімдер қабылданды.
«Депутат сауал жолдап, Астана қаласы қалалық сапаны бақылау басқармасының басшысына кәріз мәселесін шешумен айналысу туралы өтінішпен жеке өзі жүгінді. Халық қалаулысы Сәуле Самидинқызы атқарған жұмыс нәтижесінде кәріз жүйесіне кері әсер ететін клапаны бар қажетті сорғы сатып алынып, орнатылды», - делінген партия хабарламасында.
Сондай-ақ «Бұқар Жырау Делюкс» ТК тұрғындары Астана АЭҮК-пен шарт жасасып, электр есептегіштері орнатылды. Құрылыс салушы үйдің сыртқы және ішкі безендіру бойынша өз міндеттерін орындай бастады.
Сәуле Самидинқызы барлық нормалар бойынша үйді пайдалануға беру үшін барлық жұмыстардың аяқталуын бақылауда ұстайтынын айтты.