$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШЫҰ аясында 20 жылдан бері бірде-бір ірі экономикалық жоба жүзеге асқан жоқ – Тоқаев

ҚР Президенті бірлескен Инвестициялық қор құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

ШЫҰ аясында 20 жылдан бері бірде-бір ірі экономикалық жоба жүзеге асқан жоқ – Тоқаев
Фото: Ақорда

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым соңғы 20 жылда бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асыра алмағанын айта келе, серіктес елдерге сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Географиялық тұрғыда мемлекеттердің байланысы, көлік-транзит әлеуеті, нарықтың ауқымдылығы мен экономикалардың бірін-бірі толықтыруы ШЫҰ-ның басымдығы саналады. Осыған қарамастан, ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады. Жобаны қаржылық қолдау механизмдерінің болмауы – мұның айқын факторы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы әріптес елдердің Үкіметтер басшыларының кеңесіне бірлескен Инвестициялық қор құру мүмкіндігін қарастыруды тапсыруды және осы маңызды жоба бойынша ұсыныстар айтуды ұсынды.

Тоқаев әлемдегі қаржы институттарының үздік тәжірибелерін меңгерген «Астана» халықаралық қаржы орталығы ШЫҰ-ның аймақтық жобаларына тікелей және портфельді инвестиция құюды ынталандыру үшін тиімді платформа бола алатынын айтты.

«Біздің ойымызша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық күн тәртібі өзара сауданы ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасау, бар сауда кедергілерін жою, бірлескен кәсіпорындарды іске қосу сияқты міндеттерге бағытталуы керек. Бірлескен күш-жігердің арқасында бұл ұйымның базасын құруға кірісуге болады. Ұйымымыздың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында «ШЫҰ-ның экономикалық преференциялары» юазасын құруға кірісе беруге болады», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айуынша, экономикалық кооперация көбіне көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалануға байланысты. Жүк жеткізудің дәстүрлі тізбегінің үзілуіне байланысты заманауи көлік инфрақұрылымын құрудың және жаңа бәсекелі бағыттар ашудың стратегиялық маңызы арта түсті.

«Бір белдеу, бір жол» мега жобасы мен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын жүзеге асыруға бірлесе күш салу арқылы біз «Солтүстік – Оңтүстік» және «Шығыс – Батыс» дәліздерінің мүмкіндігін ашудың барлық алғышартын қалыптастырамыз. Іс жүзіндегі шара ретінде Ірі стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтардың серіктестік желісін құруды ұсынамыз. Аталған механизмнің нақты модальдылығын елдеріміздің үкіметтері қарастыра алады. Бұл іске көлік және темір жол әкімшіліктерінің басшыларын қатыстыру қажет», - деді Тоқаев.

Ол бүгінде бұл бағыттағы өзара жүйелі іс-әрекеттерді жолға қоюдың өзектілігі артып келе жатқанына тоқталды. Бізге энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру қажет. Сондай-ақ энергетиканың жаңа түрлеріне көшуге, экономика мен өнеркәсіпті көміртегінен арылтуға бағытталған келісімді іс-әрекеттер керек.

«Осыған байланысты келесі Астана саммитіне дейін ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын келісуді ұсынамын. Бұл құжаттың қабылдануы орнықты даму саласындағы БҰҰ Күн тәртібінің мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді. Біз аталған мәселенің аса маңызды екенін ескере отырып, Қазақстанда ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайынбыз. Бұл саладағы ынтымақтастықтың перспективаларын жан-жақты талқылау елдеріміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен әдістер әзірлеуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары