Алдағы күндері жаңбыр жауып, артынша күн қатты ыси бастайды

Автор: Azattyq Rýhy

Тек батыс өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Фото: pixabay.com

Синоптиктер 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Алдағы күндері еліміз бойынша жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Тек батыс өңірлерде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды.

Ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасы:

  • солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін;
  • солтүстікте +25+30°С дейін;
  • шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін; оңтүстікте +25+38°С дейін болады.