$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда алғашқы адамдардың еңбек құралдары табылды

Оны экскурсияға шыққан оқушылар тапты

Павлодарда алғашқы адамдардың еңбек құралдары табылды

Павлодарда алғашқы адамдардың еңбек құралдары табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайы археология мектебінің тәрбиеленушілері экскурсияға шықты.

Шараның мақсаты – Ертіс өңірінің жартастарындағы жазуларды зерттеу. 

Торайғыров университеті Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Виктор Мерцтің жетекшілігімен Майқайың станциясынан оңтүстік шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан Ақбидайық жартас суреттер кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. Археологиялық кешенді 1990 жылы Виктор Мерц ашқан.

«Кешен солтүстік-шығыс Сарыарқаны мекен еткен энеолит және қола дәуірі тайпаларының бірегей өнері, археологиясы мен рухани мәдениеті тарихының дерегі ретінде үлкен тарихи-мәдени маңызды нысан болып табылады», – деді археология мектебінің жетекшісі Әсемгүл Бессинбенова.

Жас археологтар экскурсия барысында қырғыш, кетпен, балға секілді алғашқы адамдардың еңбек құралдарын тапты. 

Серіктес жаңалықтары