$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстандағы 1-3 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы күндіз батыста +27+35°С, солтүстік-батыста +22+32°С, солтүстікте, республика орталығында +30+35°С дейін көтеріледі. Сонымен қатар шығыста + 25 + 33 ° C дейін, оңтүстік-шығыста + 32 + 37 ° C дейін, оңтүстікте негізгі фон + 32 + 40 ° C болады.

«Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Тек 1-2 шілдеде солтүстікте, орталықта, 2-3 шілдеде шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. 3 шілдеден бастап еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, 1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады.

Серіктес жаңалықтары