Президентке «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципі көрсетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған қосымша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрескел құқықбұзушылармен күресуге арналған

Фото: akorda.kz

Президентке «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу приниципі көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның планшетіне маңайда жүрген «қауіпті» жүргізуші туралы хабарлама бірден келеді. Осылайша, «қауіп төндіретін топтармен», яғни жол жүру ережесін жиі әрі әдейі бұзатын жүргізушілермен жеке жұмыс жүргізіледі.  

Бұл бағдарлама тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде еліміздің 16 аймағында және кейбір моноқалаларда қолданылады.