Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді
ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері Жамбыл облысының «Мерке» теміржол өткізу пунктінде жүк пойызын тексеру барысында екі вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Мерке» теміржол өткізу пунктінде Бішкек - Түрксіб бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында екі вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.
Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген. Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді.