Құрбан айттың алғашқы күнінде 14 626 мал сойылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күнінде 60 862 отбасыға ет таратылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 28 маусымдағы мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 14 626 мал шалынса, 1700 тапсырыс qurban2023.kz сайты арқылы берілген. Тарқатып айтсақ, қой – 14 448, ешкі – 1498, ірі қара – 2 266, түйе – 15. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 60 862 отбасыға, 738 мекемеге құрбандық еті таратылды», - делінген ҚМДБ хабарламасында.
Айта кетерлігі, басқарма көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және www.qurban2023.kz сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отырғанын хабарлады.
«Онлайн форматта құрбан шалуға qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни, ертең (30 маусым) сағат 13:00-ге дейін жалғасады», - делінген хабарламада.