ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұл қызметі 2022 жылдың тамызынан бастап отырған еді

Фото: primeminister.kz

Шолпан Каринова ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.