Досаев Алматыда науқастардан АИТВ-ның анықталуына қатысты пікір білдірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол тиісті тест барысында анықталғанын айтты

Фото ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ-ның 3 жағдайына қатысты пікір айты,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ерболат Досаев атап өткендей, тергеу жүріп жатыр. Әкім оның қорытындысы бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

«Тиісінше, клиниканың басшылары бар, қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бар, тиісті шешім қабылдаймыз. Тергеу нәтижелерін күтейік, содан кейін шешім қабылданады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр», - деді Досаев.

Әкім бөлімдегі бақылау жылдар ішінде айтарлықтай күшейтілгенін атап өтті.

«Регламентке сәйкес, 30 күннен кейін барлығы міндетті түрде тиісті тест тапсырады. Осылайша, алдымен екі адам анықталды, қосымша 2-13 маусым аралығында қалалық СПИД орталығы тиісті жұмыс жүргізді, одан кейін тағы бір жағдай анықталды. Материалдар Алматы бойынша ДСМ СЭД-ке тапсырылды, оған қоса бас санитарлық дәрігер қосылды. Комиссия жұмыс істейді. Кеше аралық нәтижелер жарияланды. Жұмыс жалғасуда, қорытындысы бойынша қосымша хабарланады», - деді ол.

Сонымен қатар, қала әкімі 2021-2022 жылдары АИТВ жұқтынғандар саны артқанын айтты.

«Олардың 82%-інде жыныстық жолмен жұқтыру тіркелген, қалғаны – ТЖ және есірткі заттарын тұтынудан болған. Сондықтан, бұл клиникаға келді ме, әлде клиникадан жұқты ма, оны комиссия анықтап жатыр. Мәселе клиника басшылығын жұмыстан шеттету мен шығаруда емес, барлығы жұмыс орнында өз жауапкершілігін арқалауы керек. Комиссия қорытындысы бойынша, барлық қажетті шешім қабылданады», - деді Ерболат Досаев.

Кезінде Ерболат Досаев Денсаулық сақтау министрі кезінде ВИЧ жұқтыру жағдайы тіркелген еді.

«17 жыл өтіп кетсе де, маған бұл сұрақ қойыла береді. Мен өз жауапкершілігімді 2006 жылы сала басшысы ретінде қабылдадым. Мен өзімді жауапты адам ретінде көрсеттім деп ойлаймын. Бұл мәселелерді ДСМ Шымкентте дер кезінде анықтады. Біз өзіміз анықтаған жағдайларға байланысты. Мен мұны жылдар өткен соң да айта аламын. Жұмыс әлі жалғасып жатыр», - деді ол.

Айта кетейік, Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ-ның оң мәртебесі бар үш жағдай анықталғаны белгілі болды.