Құрбандар оқ тиіп немесе өртеніп қайтыс болған
Гондураста ұйымдасқан қылмыстық топ басып алған әйелдер түрмесінде 40-тан астам сотталған көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
The New York Times басылымының хабарлауынша, 20 маусымда таңертең елдегі жалғыз әйелдер түрмесінде бүлік шығып, кем дегенде 41 адам қаза тапты. Прокуратура өкілі Юрий Мораның мәліметінше, құрбандар оқ тиіп немесе өртеніп қаза тапқан.
«Біз осыншама адам шығынына қатты алаңдатып отырмыз», - деді Гондурас қауіпсіздік министрінің орынбасары және пенитенциарлық жүйенің басшысы Хулисса Виллануева баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, елдегі қылмыстық-атқару жүйесін аймақтағы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері басып алған.
Жергілікті БАҚ жазуынша, Mara Salvatrucha және Barrio 18 атты қылмыстық топтар арасындағы текетірес әйелдер түрмесіндегі қайғылы оқиғаға әкеп соққан. Болжам бойынша бір топ екіншісін топты түрме бөлмесіне қамап, өртеп жіберген. Әйелдердің көпшілігі өрттен, тағы бірнешеуі пышақ және оқ жарақаттарынан қаза тапқан. Кем дегенде бес адам ауруханаға жатқызылды.
Айта кетерлігі, бір жыл бұрын белгісіз адамдар тобы Гондурас астанасы Тегусигальпада төрт адамды атып өлтірген, құрбандардың арасында Гондурастың бұрынғы президенті Саид Лобоның ұлы да болған. Жастар түнгі клубтың шыға берісінде ұсталып, сол жерде өлтірілген.