Облыста 17-19 наурыз аралығында күн күрт жылынып, жауын жауады
Шығыс Қазақстан облысында 17-19 наурыз аралығында еріген қар мен жаңбыр суының тасқыны күтілуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«17-19 наурыз аралығында күн күрт жылынып, жауын жауады. Ауа температурасының жоғарылауы сақталатындықтан және жауын-шашынға байланысты ШҚО аумағында 17-19 наурыз аралығында қар жамылғысының жылдам еруі және мұз көбесінің сөгілуі болжанады. Осы ретте тұрғындарға тасқын кезіндегі іс-қимыл ережелері түсіндіріліп жатыр», - деп хабарлады департамент өкілдері.
Биыл облыста 1 миллионға жуық текше метр қар шығарылған.