Сәтбаев қаласының тұрғынынан 90 млн теңгенің заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Видеодан кадр

Сәтбаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониториггі агенттігінің мәліметінше, ол айтарлықтай мөлшерде акцизделетін темекі өнімдерін есепке алу маркасыз сақтаған және өткізген.

Бұл деректі ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

«Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ тінту нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеден астам түрлі маркадағы 140 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, көлеңкелі айналымнан алынды», - делінген агенттік хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«ҚР ҚПК 201 бапқа сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді ведомство өкілдері.