Алматы облысында су тарифі 50 пайызға төмендетілді – прокуратура

Автор: Azattyq Rýhy

Прокуратура бірқатар заңбұзушылықты анықтады

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының прокуратурасы монополияға қарсы заңнаманы қолдану аясындағы талдау нәтижелері бойынша табиғи монополия субьектісі «BeyazhTrans» ЖШС-гі әкімшілік-аумақтық бірліктің географиялық шекарасын бұза отырып, біріңғай тариф арқылы Алматы облысының екі ауданындағы 9 ауылдық округінің (Жамбыл ауданы – 1 округ, Қарасай ауданы – 8 округ) халқын сумен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сонымен қатар екі ауданның халқын сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі су көздері пайдаланылған.

«Жамбыл ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының түрғындарын сумен жабдықтау тарифы 50%-дан астам мөлшерге, яғни 41,73 теңге/м3-ден 26,23 теңге/м3-ге дейін төмендетілді. Соның нәтижесінде, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 30 мыңнан астам тұрғынының құқықтары қорғалды», - делінген Алматы облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Сонымен қатар Талғар ауданының прокуратурасымен аудан прокуратурасымен «Талғар Су» ШЖҚ МКК қызметінде белгіленген су тарифінің сақталуына талдау жүргізілді.

Нәтижелері бойынша, Талғар қаласы, Бесқайнар ауылы, Қотырбұлақ, Қызыл-Қайрат ауылдары су тарифінің сметалық құнына «Талғар Су» ШЖҚ МКК теңгерімінде тұрмайтын каналды тазарту бойынша шығыны негізсіз енгізілгені анықталды.

«Аталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, нәтижесінде тариф куб үшін 5 теңгеге төмендетіліп, 65000 азаматтың құқығы қорғалды», - делінген хабарламада.