2023 жылғы 9 және 10 маусым аралығында барлық ХҚКО-лар бірқатар қызметтерге өтініш қабылдауды уақытша тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған шара Қазақстан Республикасы ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы тарапынан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстармен байланысты.
Өтініштерді қабылдау келесі қызметтерге уақытша тоқтайды:
- Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;
- Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;
- Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі.