Қазақстанда күн суытады - Қазгидромет

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 17-19 наурыз аралығында ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап. 

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстікте жел күшейеді, ал оңтүстік-батыстың тропосфералық ағыны республиканың шығыс бөлігінде температураның жоғарылауына әкеледі. Бірақ фронттардың артынан ығысатын суық антициклон температураның біртіндеп төмендеуін алдымен батыста, сондай кейін Қазақстанның қалған аймақтарында алып келеді», - деп жазылған хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, бұл күндері республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.