Ол Алматыға Ыстанбұлдан ұшып келген
Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
«Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус анықталды. 1986 жылы туған әйел адам Ыстанбұл-Алматы әуе рейсімен 15 наурыз күні ұшып келген», - деді Диас Ахметшәріп.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны он адамға жетті. Оның сегізі - Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында. Сонымен қатар елімізде 1641 адам стационарлы карантинде, 981 адам үй карантинінде жатыр.