$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бюджетке Қытайдан келетін тауарлардан 465 млрд теңге кедендік төлем мен салық түсті – Жамаубаев

Былтыр да осындай көрсеткішке қол жеткізілген 

Бюджетке Қытайдан келетін тауарлардан 465 млрд теңге кедендік төлем мен салық түсті – Жамаубаев
Фото ашық дереккөзден

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында кедендік салық туралы айтты, деп хабалайды Azattyq Ruhy

«Экспорттық, импорттық стастистикадағы алшақтық бойынша қабылданған шаралардың жеткіліксіз әсері туралы айтылған. Бұл туралы біз бірнеше рет түсінік бергенбіз. Жалпы әлемдік тәжірибеде барлық елде тауарлардың сыртқы саудасының кедендік статистикасы деректерінде әріптес елдермен сәйкессіздік болып тұрады. Мысалы, 2021 жылы Қытай мен АҚШ арасындағы алшақтық 66 млрд доллар болса, Германиямен 58 млрд доллар болған», - деді Жамаубаев. 

Ол мұндай алшақтықтың негізгі себебі сыртқы сауда статистикасын қалыптастырудың әдістемелік ерекшектерінде екенін айтты. 

«Дегенмен, алшақтықты азайту мақсатында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару үшін кедендік функцияларды орталықтандыру іске асырылды. Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан Бас диспетчерлік басқарма құрылды. Бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға, өткізу пунктеріндегі жедел ахуалға қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспорттық декларацияларымен онлайн алмасу жүргізіліп жатыр», - деді ол. 

Жамаубаев Мемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша кеден саласын тәртіпке келтіру жүргізілгенін айтты. 

«Мысалы, мұндай ақпарат Қытайдан Қазақстанға тауар келмей тұрып алынады. Бұл (елімізге) келе жатқан тауарлар туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жалпы өткен жылы мемлекет басшысы кеден саласын тәртіпке келтіруге қатысты арнайы тапсырма берген болатын. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде былтыр тек Қытайдан келетін тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлем мен салық түсті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60%-ға артық», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары