Ол Мемлекет басшысының атына хат жолдаған болатын
Жуырда Астана қаласының тұрғыны, 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ Ақорданы аралап көргісі келетінін айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен Саяділ Асылтас Нұртасқызы 1-сыныпта оқимын. Менің туған күнім 17 мамыр. Сіздің туған күніңізбен бірге. Менің арманым Сізбен кездесу. Сіз мені Ақордаға кіргізесіз бе?», - деп жазды Асылтас Саяділ Мемлекет басшысына жазған хатында.
Бүгін Халықаралық балалар күніне орай «Ақорда» резиденциясына ұйымдастырылған экскурсияға Асылтас арнайы шақырылып, ғимаратты аралап көрді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлына көп-көп рахмет. Маған бүгінгі экскурсия ұнады. Шақырғаны үшін рахмет. Сыйлықтары ұнады. Өскенде Президенттің көмекшісі болғым келеді», - деді Асылтас.