Коронавирус жұқтырған Алматы тұрғыны жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартқан

Фото: ria.ru

Коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Коронавирус жұқтырған науқастардың бірі - азаматша Б. кез келген жағдайда санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.