Бүгін Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады», - деді ол.
Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.